Управление статистики г. Астаны
Управление статистики г. Астаны

010000, Астана қ., Желтоқсан к., 22, тел.: 8 (7172)41-28-91, 8(7172)31-62-51, 8 (7172) 32-67-75, 8 (7172) 41-27-39, e-mail: astanastat@statbase.kz

Негізгі бет

Қош келдіңіздер!

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен Астана қаласы (1961 жылға дейін – Ақмола, 1961 жылдың 20 наурызынан 1994 жылдың 6 маусымына дейін – Целиноград, әрі қарай 1998 жылдың 6 мамырына дейін - Ақмола) Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. Еліміздің астанасын Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің бірінші шешім-қаулысы 1994 жылдың 6 шілдесінде қабылданғанымен, республикалық органдардың нақты көшірілуі 1997 жылдың желтоқсанында басталды.

Астана қаласының Статистика басқармасы 1998 жылдың қаңтарында құрылды және ол Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің аумақтық органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің (2008 жылдың 16 сәуіріндегі №49) бұйрығымен Астана қаласының Статистика департаментіне өзгертілді.

Астана қаласының Статистика департаменті мемлекеттік органдарды, астананың қоғамдастығы мен іскерлік орталарын Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы статистикалық ақпараттармен қамтамасыз ету жөніндегі маңызды тапсырмаларды іске асырады, сондай-ақ қала аумағында статистикалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады; мемлекеттік статистиканың статистикалық деректер жиынын, статистикалық бақылау мен басқа да арнайы зерттеулерді ұйымдастырып, жүргізуді жүзеге асырады; жарияланымдар шығарады.

Негізгі бет

Соңғы жаңалықтар

2011 жылғы концерт қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың көрсеткіштері

17.05.2012

 

 

 

Қалада концерттік қызметті 6 мекеме жүзеге асырады. 2011 жылы олар 414 концерт өткізді, оның ішінде 307 филармониялық, қалған 25,8%-ы эстрадалық концерттердің үлесінде.

Концерттерге қатысушылардың саны 1235,8 мың адамды құрады, ... >>>


2011 жылғы ойын-сауық және демалыс саябақтары қызметі туралы

16.05.2012

 

Қала аумағында 10 демалыс және ойын-сауық саябағы орналасқан. 2011 жылы осы үлгідегі кәсіпорындар 99 мәдени-көпшілік шараларын өткізді.

Демалыс және ойын-сауық саябақтарының аумағында барлығы 530 бос уақыт өткізу нысандары орналасқан, оларға ойын ... >>>


2011 жылғы мұражайлар қызметі туралы

16.05.2012

 

Қала аумағында 8 мемлекеттік мұражай орналасқан, оның ішінде 3 тарихи. Қала мұражайларымен  2011 жылы 68514 экскурсия өткізілді және тыңдаушыларға 216 дәріс оқылды.

Келушілердің жалпы саны 415,5 мың адам, соның ішінде балалар -120,7 мың адам немесе ... >>>


2011 жылғы театрлар қызметі туралы

15.05.2012

 

Астанадағы театр өнері түрлі жанрдағы алты мемлекеттік театрмен және циркпен бейнеленеді. Театрлардың көрермендер залындағы жалпы орындар саны 948 бірлікті құрады.

Жыл сайын театрлардың репертуары да жаңаруда. Өткен жыл ішінде театрлардың ... >>>


2011 жылғы кітапханалар қызметі туралы

15.05.2012

 

Астанада кітапханалар желісі санына 158 кітапхана кіреді, оның ішінде 82,9% оқу, 15,8% -көпшілік, 0,6% - ғылыми.

Кітапханалар желісі (оқу орындары желілерінсіз) 27 бірлік құрайды. Барлық кітапханалардағы ғимараттың жалпы ауданы 31081,1 шаршы метрді, оқу ... >>>


Халық табысы

14.05.2012

 

2012 жылғы наурызда Астана қаласы халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 83975 теңгені құрады, бұл 2011 жылғы наурызға қарағанда 8,5%-ға жоғары, осы кезеңде нақты ақшалай табыстар 2,1%-ға көбейді.

... >>>


Астана қаласында 2012 жылғы сәуір айында жаңа заңды тұлғалар 0,8 пайызға артық тіркелді.

10.05.2012

Ағымдағы жылғы сәуір айында барлығы 276 кәсіпорын мен ұйым тіркелді, 17-і жойылды. Жаңадан тіркелген субъектілердің негізгі саны «Алматы» (50,4%) және «Сарыарқа» (27,9%) аудандарында шоғырланған. «Есіл» ауданының үлес салмағы 21,7 пайызды құрайды.
Жаңа ... >>>


Ешкім ўмытылмайды, ешнјрсе ўмытылмайды…

08.05.2012

Ўлы Жеѕіс Кїнін мерекелеу ќарсаѕында Астана ќаласы Статистика депатаментініѕ ќызметкерлері Ўлы Отан Соєысыныѕ ардагерлерін мерекелерімен шын жїректен ќўттыќтады.

... >>>


2011 жылы Астана қаласындағы тұрақты мектепке дейінгі ұйымдар

08.05.2012

 

2011 жылы Астана қаласында 104 тұрақты мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істеді, оларда 22170 бала тәрбиеленді. 2010 жылмен салыстырғанда ұйымдар саны 10 бірлікке (1,1 есеге), ал тәрбиеленушілер саны 3197 балаға (16,9%-ға) көбейді. Мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан 100 ... >>>


Астана қаласының 2011 жылғы жалпы өңірлік өнімі

08.05.2012

 

2011 жылғы Астана қаласының жалпы өңірлік өнімі алдын ала алған деректер бойынша 2 298 345,0 млн. теңгені құрады. Астананың ЖӨӨ үлесі республикалық көлемнің 8,4%-ын құрайды – бұл Алматы қаласынан (17,8%), Атырау (12,2%) және Қарағанды (8,7%) облыстарынан кейінгі төртінші ... >>>


Астана қаласы бойынша 2012 жылғы сәуірде күнкөрістің ең төмен деңгейі 18 322 теңгені құрады

07.05.2012

 

2012 жылғы сәуірде күнкөрістің ең төмен деңгейі халықтың орташа жан басына шаққанда негізгі азық-түліктерді тұтынудың ең төмен нормасынан шыға отырып есептегенде, өткен аймен салыстырғанда  0,9%-ға өсіп, 2011 жылғы сәуірмен салыстырғанда -0,3%-ға төмендеді. Оның ... >>>


2012 жылғы 7 мамырда Астана қаласының Статистика...

07.05.2012

2012 жылғы 7 мамырда Астана қаласының Статистика департаментінде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Аталмыш іс-шараның қатысушылары музыкалық нөмірлерін көрсетті: жетігенде, домбырада күй орындады және әндер шырқалды.

... >>>


2012 жылғы сәуірде Астана қаласы бойынша инфляция 0,9%-ды құрады

07.05.2012

 

Азық-түлік тауарлары сәуірде – 0,7%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 0,9%-ға, ақылы қызметтер – 1,1%-ға қымбаттады.

2012 жылғы сәуірде жұмыртқаның бағасы 2,9%-ға,  балық және теңіз өнімдері – 2,4%-ға, алкогольсіз сусындар – 2,1%-ға,  алкогольді ... >>>


Cатып алу қабілеттілігі

04.05.2012

 

Өмір сүру деңгейінің маңызды көрсеткіштерінің бірі халықтың орташа жан басына шаққадағы ақшалай табыстарының сатып алу қабілеттілігі (халықтың сатып алу қабілеттілігі) болып табылады. Халықтың қолында қалған шетел валютасының елеулі сомасын қоса ... >>>


Астана қаласы халқының тұтынуға жұмсаған табыстары

03.05.2012

 

 

Тұрмыс  деңгейін бағалаудағы маңызды көрсеткіштердің бірі - тұтынуға жұмсалған халық табысы болып табылады. Тұтынуға жұмсалған табыстар - өз өндірісінің тұтынылған өнімдер кұны мен тұтынуға жұмсалған атаулы ақшалай табыстар ... >>>


Астана қаласындағы ғылыми-техникалық қызмет

03.05.2012

 

2011 жылы орындалған ғылыми-техникалық жұмыстардың жалпы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 40,4%-ға артты немесе 13761244 мың теңгені құрады, өз күшімен орындалғаны – 9645797 мың теңге. Ғылыми-техникалық жұмыстардың  жалпы көлемінен іргелі зерттеулердің үлесі 10,0%, ... >>>


Халықтың ақшалай шығыстары

02.05.2012

 

Халықтың тұрмыс сапасын өлшеудегі  маңызды индикатор  - үй шаруашылығының ақшалай шығыстары болып табылады. Ақшалай шығыстар тұтыну шығыстарынан,сондай- ақ тұтынумен байланысты емес өзге де шығыстардан тұрады. Тұтыну шығыстары азық – түлік емес ... >>>


Халық табысы

02.05.2012

 2011 жылғы Астана қаласы халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 947548 теңгені құрады, бұл 2010 жылға  қарағанда 13,2% - ға жоғары, осы кезеңде нақты ақшалай табыстар  3,6% - ға көбейді

... >>>


Астана қаласындағы тамақ өнімдерінің бағасы

28.04.2012

 

15 сәуірдегі жағдай бойынша шошқа етінің бағасы 10,2%-ға,  балық – 2,4%-дан 4,7%-ға дейін, сүт өнімдері - 0,2%-дан 2,7%-ға дейін, жұмыртқа – 2,9%-ға дейін өскені байқалды. Көкөністер тобынан қиярдың бағасы 20,9%-ға, қызанақ – 6,0%-ға, қырыққабат – 6,2%-ға, картоп – ... >>>


2012 жылғы 1 тоқсандағы Астана қаласындағы ірі және орташа өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыстарының қорытындылары

28.04.2012

 

2012 жылғы 1 тоқсанда қаланың ірі және орташа өнеркәсіп кәсіпорындарымен 28,8 млрд. теңгеге өнімдер (тауарлар, қызметтер) өндірілді, бұл жалпы өнеркәсіп өндірісі көлемінің 68,7%-ын құрады. Ағымдағы жылғы қаңтар-наурыздағы өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі ... >>>


 
Iздеу
 

Ciздiң пiкiрiңiз
Ресми статистика деректерi қаншалықты сенiмдi деп санайсыз?









2009 жылғы Халық санағы



Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Ауа райы
GISMETEO.RU: погода в г. Астана
Валюта курстары
Kazakhstan Financial Market
Кiру статистикасы




 

 

© 2005-2011, Астана қаласының Статистика департаменті. Барлық құқықтар қорғалған.
Сайт материалдарын өзінің жарияланымдарында (басылымдарында) пайдаланған жағдайда Департаментке сілтеме жасауға міндетті.

Работает на системе CreaLog Copyright © 2011. All rights reserved